2025 жылдың 6 мамырында Қарағанды қаласында өткен «AdalWay “Құқықтық мәдениет – тұлға құндылығы” облыстық байқауынан II орын!

Құқықтық мәдениет – тұлға құндылығы» атты үгіт-насихат бригадалары мен театрлық қойылымдар байқауының ақтық кезеңінде Нұра ауданы, Байтуған жалпы білім беретін мектебі II орынды иеленді!
Байқау Қарағанды облысы прокуратурасының тапсырысы бойынша «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету шеңберінде өткізілді. Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрмет көрсетіп, әділ болуға тәрбиелеу.
Облыстың әр түкпірінен келген 14 команда финалға жолдама алып, құқықтық мәдениетті насихаттауда өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынды.