Біртұтас тәрбие
08.01.2024 жылы Жаңа-Құрлыс бастауыш мектебінде
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" кешенді жоспары
аясында 12 қаңтар - қоғам және мемлекет қайраткері
Дінмұхамед Қонаев күніне орай сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы
Д.А.Қонаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру,
кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген
еңбегі туралы білімдерін толықтыру.
Ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін,
оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын
сіңіріп тәрбиелеу.