Біртұтас тәрбие. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы.
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ.
31 қаңтар 2024 жылы Жаңа-Құрлыс бастауыш мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бастауыш сынып ата-аналарымен «Баланы жастан... Бала бойындағы тапқырлық пен эрудицияны қалай дамытуға болады?» тақырыбында жиналыс болып өтті.
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың үйде балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға бағытталған интеллектуалдық ойындар мен жаттығуларды қолдану дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
1) Баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы ойынның маңыздылығы, оның зияткерлік қабілеттерін дамытуға әсері туралы идеяларды қалыптастыру;
2) Ата-аналардың балалар ойындары туралы дамытушылық іс-әрекет пен дамытушылық ойындардың түрлері, оларды қолдану әдістері туралы білімдерін кеңейту;
3) Балалардың зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін ойындар мен жаттығуларды өз бетінше таңдау және қолдану қабілетін қалыптастыру.
#біртұтастәрбие