back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени Миржакыпа Дулатулы"
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени Миржакыпа Дулатулы"
Ұлы Жеңіс күніне орай өткізілген іс-шаралар
16-05-2023 13:06

Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінде 9-мамыр Жеңіс күні қарсаңында “Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс!”, "Мәңгілік өшпес отты жылдар" тақырыптарында сынып сағаттары өткізіліп, "Соғыссыз әлем", "Ұлы Жеңіс" тақырыптарында оқушылар сурет салып, сурет көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты:  "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды" деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихты тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен батыр бабаларымыздың ерлік істеріне тағзым ету, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу, бейбітшілікті насихаттау. Ұлы Жеңіске жетуге себепші болған ата-бабаларымыздың ерлігін ұмытпай, ардақтау.

Новости