back-image
"Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Республикалық балалар оқулары байқауынан ІІІ орын.
12-10-2023 11:23
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Республикалық балалар оқулары байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты - балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушыларының шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.Байқауға қатысқан оқушылар «Әдебиет порталы» интернет-жобасындағы ұсынылған қазақстандық және шетелдік кітаптармен дайындалды. Байқауға ММЛИ және аудан/қалалық орта білім беретін мектептерінен 50 оқушы қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша аудандық кезеңнен І орын иеленген Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінің 9-сынып оқушысы Бекмаганбетова Айым жүлделі ІІІ орынды иеленіп, дипломмен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Толеутаева Камила Махсановнаға алғыс хат табысталды.
Новости