back-image
"Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай дөңгелек үстел жиыны өтті.
15-12-2023 08:58
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай дөңгелек үстел жиыны өтті.
Нұра ауданы Мұзбел ауылы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай дөңгелек үстел жиыны өтті.
 
Іс-шара 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысушылардың тәуелсіздігімізді алу жолындағы еңбектерін бағалау, ұлықтау және оны кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылды.
 
Іс-шара барысында: - Тәуелсіздік - қашанда киелі құндылық. Егемен еліміздің мәртебесі көтеріліп, мерейімізді асырған барша жетістіктеріміз - ол біздің ортақ береке-бірлігіміз. Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 32 жыл толып отыр. Бұл күні зор мақтаныш пен нағыз патриотизмнің үлгісіне айналған батырларымыздың алдында басымызды иеміз! Теңдессіз ерлік танытқан боздақтарымыздың қайтпас қайсарлығы мен көзсіз батырлығы халқымыздың жадында мәңгі сақталады, - дей келе, ауыл әкімі барша жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады.
 
Жиынның бір ерекшелігі: Мұзбел ауылының құрметті азаматтарының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге етіп көрсете отырып, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялату болды. Дөңгелек үстелге Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ мектеп парламенті қатысты. 
 
Арнайы шақырылған қонақтар:
- Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері мен өмір жолында кездескен қиындықтары туралы ой-қозғап, Туған өлкені қастерлеу, береке-бірлік пен өзара қолдаудың маңызын атап өтті.
Новости