back-image
"Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
М.Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінде кезекті жоспар бойынша белгіленген комиссия мүшелерімен асхана тамағының сапасы тексерілді.
24-04-2024 22:11
М.Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінде кезекті жоспар бойынша  белгіленген комиссия мүшелерімен асхана тамағының сапасы тексерілді.
М.Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінде кезекті жоспар бойынша  белгіленген комиссия мүшелерімен асхана тамағының сапасы тексерілді. 
 Сондай - ақ мектеп асханасындағы азық- түліктердің сапасын және ас мәзірінің дәмдік сапасын бақылауына бракераж комиссия мүшелері құрылған. Бракераж комиссия мүшелері азық-түліктердің сапасын тексеріп қабылдайды және тамақтың сапасын, санитарлық талаптарға сай болуын қадағалайды. 
 Аспазшы дайындалған тағамның тәуліктік сынамасын алып отырады. Комисия мүшелері тарапынан мектепке жеткізілген азық – түліктердің сапасы , тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі тексеріліп, қолданысқа беріліп отырады. Тез бұзылатын тамақ өнімдері ет, сүт, айран және т.б. тағамдарды мектеп асханасындағы сақтау температурасы төмен тоңазытқышта сақтайды. Тоңазытқыштың іші таза санитарлық-гигиеналық талапқа сай , ішінде температураны бақылауға арналған термометр орнатылған. Көкөніс өнімдері асханадағы қойма бөлмесіндегі арнайы жасалған сөрелерде, бөлек қораптарда сақталады. Мектепте арнайы ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың саны қадағаланып, тіркеу журналына белгіленіп отырады. Асханадағы дайындалатын кунделікті тағам мемлекет тарапынан ыстық тамақпен қамтылған оқушылар санына қарай кунделікті даярланады. Мектеп мед.қызметкері асхананың , санитарлық –гигиеналық талаптарға сай болуын, күнделікті мектеп оқушыларына берілетін ыстық тағамға органалептикалық бағалау жүргізіп, бракераж журналына тіркеп отырады . Асханадағы тамақтанатын залда мектеп басшысымен бекітілген ас мәзірі ілініп тұрады.
Новости