Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінің ұжымының қатысуымен "Бала еңбегін қанауға қарсы он екі күн" Ұлттық ақпараттық науқан республикалық акция шеңберінде ата-аналар рейді өткізілді. Рейдтің мақсаты-әлеуметтік және медициналық көмекке мұқтаж балалары бар отбасыларды анықтау, оларды тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға тіркеу, балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау, бала еңбегін қанау деректерін анықтау, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу. Рейд барысында медициналық көмекке мұқтаж балалар, балалардың құқықтарын бұзу фактілері, бала еңбегін қанау деректері, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалу деректері анықталмады.
"Бала еңбегін қанауға қарсы он екі күн" Ұлттық ақпараттық науқан республикалық акция шеңберінде ата-аналар рейді өткізілді.