"Айгөлек" шағын орталығының тәрбиеленушілерімен таным процесі
М. Дулатұлы атнындағы ЖББМ жанындағы «Айгөлек» шағын орталығында мектеп психологі Д.С.Макенова топ балаларының таным процесінің алғашқы тексеруінің мақсаты – тәрбиеленушілердің танымдық қабілеттерін (ойлау, зейін, қабылдау, есте сақтау, қиял) бастапқы деңгейде бағалау және олардың когнитивтік дамуының ерекшеліктерін анықтау. Бұл тексеру нәтижелері тәрбиеленушілердің әлсіз және күшті жақтарын айқындап, жеке оқу бағдарламаларын құруға, әрі оларды тиімді оқыту әдістерін таңдап, танымдық дамуын қолдауға бағытталады.