Облыстық ата-аналар жиналысы

10 желтоқсан күні сағат 18:00-де М.Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінің ата-аналары облыстық ата-аналар жиналысына қатысты.
Жиналыс барысында қамтылған мәселелер:
1. Интернеттегі балалар қауіпсіздігі
2. Нашақорлықты алды алу аспектілері
3. Балалардың жолдағы қауіпсіздігі, оларды тасымалдау ережелері.
4. ҰБТ-ға дайындық.
5. Психологиялық қолдау орталығының жұмысы туралы.
Жиналыс соңында директордың тәрбие ісінің орынбасары Заводвай А. ата-аналармен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, суицид, лудомания, буллинг, кибербуллинг бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ата-аналармен бірге балаларға бір-бірін құрметтеудің, адамгершілік, сыйластық сынды қасиеттерді бойына сіңіріп, тәрбиелі болып өсуіне барынша мән берудің маңыздылығын талқылады.