Кешкі рейд

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және балалар қауіпсіздігін бақылау мақсатында Нура ауданының ПБ учаскелiк полиция инспекторы,полиция подполковнигi Д.К.Жанабылов және Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің әкімшілігі мен мұғалімдерінің қатысуымен кешкі рейд профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Рейд барысында мектепке қарасты барлық көшелер, дүкендер араланды.