Марапаттау

Нұра ауданының ішкі саясат бөлімінің тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған Нұра ауданының жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында пікірсайыс турнирі өткізілді.
Бәсекеге толы додада М.Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінің намысын “Алаш” командасы атынан Омарова Нұрсая мен Жарқын Кәусар қорғады. Жалпы есепте әділ-қазылар алқасының шешімімен жүлделі 3-орынға ие болды. “Алаш” командасына алдағы сайыстарда сәттілік тілейміз.