back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени Миржакыпа Дулатулы"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени Миржакыпа Дулатулы"
09.04.2025ж. күні сағат 17:00-де «Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез- құлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырып аясында аудандық ата-аналар жиналысы өткізілді. Қарағанды облысы Білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы және Нұра ауданы
09-04-2025 22:08
09.04.2025ж. күні сағат 17:00-де «Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез- құлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырып аясында аудандық ата-аналар жиналысы өткізілді. Қарағанды облысы Білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы және Нұра ауданы
09.04.2025ж. күні сағат 17:00-де «Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез- құлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырып аясында аудандық ата-аналар жиналысы өткізілді. Қарағанды облысы Білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы және Нұра ауданының полиция бөлімінің қатысуымен жасөспірімдердегі қауіп белгілері, балаларды қолдау бойынша ұсыныстар, мәселелерді ерте анықтау әдістері, профилактикадағы ата-аналардың рөлі туралы талқыланды.
Модератор білім бөлімінің әдіскері Жукушева А.С. жиналысты бастап, алғашқы сөз кезегі білім бөлімінің басшысы Такишев Дархан Жанболатовичқа берілді. Дархан Жанболатович ата-аналар жиналысының мақсаты мен міндеттерін таныстырып шықты.
Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Ибитанова Әдемі Тыныбекқызы және отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция майоры Бейсекеева Мөлдір Зиябекқызы сөз сөйледі. Ата-аналарға тақырып аясында ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізіп, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша Қарағанды облысы Білім басқармасының психологиялық қолдау орталығының психологиялық бөлімінің жетекшісі Миронова Елена Ивановнаға сөз берілді. Жиналыс барысында суицидтің жас ерекшеліктерінің динамикасы, ауызша ескерту белгілері, мінез-құлықтық белгілері, қауіп туралы алдын алу белгілері және т.б. ауқымды тақырыптары қарастырылды.
Тақырып аясында ата-аналар үшін сауалнама жүргізілді. Жиналыс соңында сауалнама бойынша К.Мыңбаев ат. ЖББМ педагог-психолог Горная Инна Александровна қорытынды шығарды.
Ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, өзекті мәселелер бойынша кері байланыс алынды. Жиналыс барысында мамандар ата-аналарға нақты ұсыныстар мен практикалық кеңестер беріп, жасөспірімдердің психологиялық жағдайына көңіл бөлудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, қатысушыларға қолдау қызметтерінің байланыс деректері ұсынылды.
Новости