"Таза Қазақстан" экологиялық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес 10-сынып білім алушыларымен "Жасыл экономика және экология: экологияның жаңа мүмкіндіктері" тақырыбында дебат өткізілді. Білім алушылар екі топқа бөлініп, өз ұстанымдарын дәлелдермен қ

"Таза Қазақстан" экологиялық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес 10-сынып білім алушыларымен "Жасыл экономика және экология: экологияның жаңа мүмкіндіктері" тақырыбында дебат өткізілді.
Білім алушылар екі топқа бөлініп, өз ұстанымдарын дәлелдермен қорғап, пікір алмасты. Бір топ жасыл экономиканың артықшылықтарын атап өтсе, екінші топ бұл өзгерістердің қазіргі қоғам үшін қаншалықты қолжетімді әрі тиімді екенін талқылады. Дебат нәтижесінде білім алушылар экологиялық мәдениеттің, жаңартылатын энергия көздері мен ресурстарды тиімді пайдаланудың маңызын ұғынып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Дебаттың мақсаты — оқушыларды экологиялық мәселелерге бей-жай қарамауға, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты сақтаудың маңыздылығын түсіндіруге баулу, сондай-ақ жасыл экономиканың болашағына көзқарас қалыптастыру.