Бүгін, мектебімізде «Біз Қазақстан халқы» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Мақсаты: 1-мамыр -Қазақстан халқы бірлігі күнін түсіндіру, Ынтымақтастықты сақтау. Ахметова Г.Х бүгінгі күннің тақырыбының маңыздылығын түсіндіріп өтті. Қазақстан көп

Бүгін, мектебімізде «Біз Қазақстан халқы» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Мақсаты: 1-мамыр -Қазақстан халқы бірлігі күнін түсіндіру, Ынтымақтастықты сақтау.
Ахметова Г.Х бүгінгі күннің тақырыбының маңыздылығын түсіндіріп өтті. Қазақстан көп ұлттың мекені. Бұл, мереке 1995 жылдың 18 қазанында белгіленіп, мейрам 1996 жылдан бастап тойланып келеді. Жалпы елімізде бұл мерекенің пайда болуына ел халқының ұлттық құрамының ерекшеліктері мен өзгерістері бірден-бір себеп болды.
Қазақстан халқы бірлігі күні- еліміздегі барлық ұлттардың ынтымағы мен бірлігін нығайтатын, достық қарым-қатынасты арттыратын айтулы мереке болып қала бермек. Ұлтаралық татулықты сақтау мақсатымыз.