«Жыр алыбы – Жамбыл»

Мектебіміздің мақтанышына айналған 8-сынып оқушысы Толықбаев Досжан республикалық деңгейде өткізілген «Жыр алыбы – Жамбыл» атты тақырыптық ақындар айтысының облыстық кезеңінде бақ сынап, ІІ орын иеленіп, зор жетістікке қол жеткізді!
Жас айтыскеріміз табиғи дарыны мен шынайы талантының арқасында көрермендердің көңілінен шығып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Бұл жеңіс – оның тынымсыз дайындық жұмыстары мен шығармашылық ізденісінің айғағы.
Осы жолда Досжанның талабын ұштап, шабытын шыңдаған жетекшісі — аға тәлімгер әрі музыка пәнінің мұғалімі Альят Байқалға үлкен алғысымызды білдіреміз! Сіздің еңбегіңіздің нәтижесінде жас өнерпаз осындай биік белестерді бағындыруда.
Жас өнер иесі Досжанға алдағы уақытта да шабыт, табыс, жаңа жетістіктер тілейміз! Елінің үмітін ақтар, дара жолын табар азамат боларыңа сенеміз.
Жұлдызың жарық болсын, Досжан!
Өнерің өрге жүзсін!