«Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі»

«Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» челленджіне 8-сынып оқушысы Байкалұлы Дастан белсене қатысып, өз отбасының бірлігі мен тәрбиелік құндылықтарын үлгі етіп көрсетті.
Дастан үшін отбасы – махаббат пен сыйластықтың, тәрбие мен қамқорлықтың қайнар көзі. Ол ата-анасының ақылын тыңдап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – нағыз тәрбие екенін жақсы түсінеді.
«Жақсы отбасы – жанға сая, жүрекке дауа» дегендей, біз әр баланың бойына ұлттық құндылық пен адами қасиеттерді дарыту үшін ең алдымен отбасынан бастауымыз керек.
Осындай тәрбиелі ұрпағымыз көп болсын!