М.Дулатұлы ЖББ мектебінде “Таза қолдар – таза ар-ұждан!” тақырыбында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында оқушылар арасында буклеттер байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік және жауапкершілік сияқты
М.Дулатұлы ЖББ мектебінде “Таза қолдар – таза ар-ұждан!” тақырыбында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында оқушылар арасында буклеттер байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік және жауапкершілік сияқты қасиеттерді қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын түсіндіру.
Іс-шара барысында оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз көзқарастарын креативті тәсілдермен, түрлі мазмұндағы көркем безендірілген буклеттер арқылы жеткізді.
Мұндай шаралар оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамауға тәрбиелейді.

