Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ-де «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-әрекет» акциясының жоспарына сәйкес 24 қараша күні «Достық қолын ұсын» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға гендерлік зорлық-зомбылықтың түрлері
Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ-де «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-әрекет» акциясының жоспарына сәйкес 24 қараша күні «Достық қолын ұсын» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға гендерлік зорлық-зомбылықтың түрлері мен оның қоғамға тигізетін зардаптары туралы түсінік қалыптастыру;
Бір-біріне қолдау көрсету, достық, сыйластық және адамгершілік құндылықтарын дамыту;
Қауіпсіз қарым-қатынас орнатып, құрдастар арасындағы кикілжіңдерді мәдениетті түрде шешу дағдыларын жетілдіру;
Зорлық-зомбылыққа жол бермеу және қауіп төнген жағдайда көмек сұрай білу мәдениетін қалыптастыру;
Оқушылардың бойында жауапкершілік, жанашырлық және өзара құрмет сезімдерін нығайту.
