back-image
"Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
https://www.facebook.com/share/v/1CjR3hFuxm/
31-12-2025 17:33
☃️ Қош келдің, Жаңа жыл! ☃️
???? Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін, таңғажайып қызыққа, шаттық пен сиқырға толы мереке.
☃️ Бүгін мектебіміздің «Айгөлек» және «Солнышко» шағын орталығында «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында мерекелік шырша ұйымдастырылды. Ертеңгілік мектеп директорының м.а. Оракбаева Н.О.-ның құттықтау сөзімен басталды.
☃️ Аяз ата мен Ақшақар бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалап, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балалар ән айтып, би билеп, тақпақтар оқыды.
???? Жаңа жыл мерекесінің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан тәрбиешілерге, ұйымдастырушыларға және белсенді қатысқан ата-аналарға мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз!
???? Жаңа жыл құтты болсын!
???? Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт-береке, молшылық пен шаттық алып келсін!
 
Новости