"Жыл мұғалімі-2025" байқауының мектепішілік кезеңі басталды.

25.02.күні Р. Асубаев атындағы ЖББМ "Жыл мұғалімі-2025" байқауының мектепішілік кезеңі басталды. Музыка пәні мұғалімі Маханова Ж.Б. "Кино және музыка" тақырыбында 6-қазақ сыныбында сабақ өткізді. Сабақ мақсаттары: қазақтың әнші, жыршы және күйшілердің шығармашылығы туралы тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау.Көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерімен байланысын анықтау.
Үй тапсырмасына дайындаған"Махаббат мұнарасын"сахналауда оқушылар шығармашылық таланттарын көрсете білді. "Күйші", "Әнші, " Жыршы" болып топтарға бөлінген оқушылар терминдермен жұмыс жасап, ізденіп, ақпарат жинады. Біржан сал, Жамбыл, Тәттімбет жайлы кино үзінділері бойынша түрлі тапсырмалар орындады. Музыка, күйді әр түрлі аспаптармен сүйемелдеу арқылы өнерлерін көрсетті. Шығармалардың жанрларын салыстырып, ерекшеліктерін атады. "Домбыра" әдісі арқылы рефлексия жасалды. Мұғалім сабақтың әр кезеңінде жаңа платформаларды ұтымды пайдалана білді. Оқушылар қызығушылық танытты.