«Балуан Шолақ»
23.01.2026 ж Р.Асубаев атындағы ЖББМ-нің 10 қазақ сыныбы
Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» шығармасының мақсаты –
қазақ халқының атақты палуаны әрі өнерпазы Балуан Шолақтың өмірі мен ерлігін таныту, оның қайсар мінезін, әділдігін және елге деген сүйіспеншілігін көрсетіп оқушыларға түсіндірілді. «Балуан Шолақ» шығармасы оқушыларды батылдыққа, ерлікке және әділдікке тәрбиелейді. Шығармада басты кейіпкердің қайсар мінезі мен елге деген сүйіспеншілігі үлгі етіледі. Адалдық – шыншыл болу, әділетсіздікке қарсы тұру, уәдеге берік болу.Адамгершілік – адамдарға жақсылық жасау, әлсізге көмектесу, дұрыс пен бұрысты ажырата білу.
«Балуан Шолақ» шығармасында басты кейіпкер:
• ешқашан өтірікке, зұлымдыққа бармайды;
• қарапайым халықты қорғай біледі;
• күші бола тұра оны әділет үшін пайдаланады;
• адамдарға қайырымды, мейірімді болып көрінеді.
Осы шығарманың арқылы автор оқушыларға:
күш пен талантты жақсылық жолында қолдану керек,
нағыз батыр – адал әрі адамгершілігі мол адам екенін түсіндіріліп Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» фильмін көріп «Адалдық пен адамгершілік – Балуан Шолақтың басты қасиеттері» тақырыбында эссе жазды.