Бүгін, ақпанның тоғызыншы күні, мектебімізде «Цифрлық әлем» атты информатика апталығы ашылды. Апталық 09 -13 ақпан аралығында өтеді. 2-11 сыныптар арасында түрлі іс-шаралар өткізіледі. Апталыққа арналған стенд безендіріліп, ашылу туралы жиын өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды - цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Елімізде цифрлық сауаттылық мәселесіне ерекше назар аударады. Цифрлық сауаттылық - білім алушылардың қазіргі өмірдегі қабілеттерінің маңызды элементі болып табылады.