Таңғы жаттығу
Бүгін Р. Асубаев ЖББМ-де таңғы жаттығу өткізілді. Таңғы жаттығуға мектеп оқушылары белсене қатысып, дене сергіту жаттығуларын орындады. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың күнді сергек бастауына, белсенділік пен жағымды көңіл күй қалыптастыруға ықпал ету. Таңғы жаттығу оқушылардың денсаулығын нығайтып, сабаққа деген қызығушылығын арттырды.