Жаңалықтар
1 қыркүйек - Білім Күні мерекесі жоспарға сәйкес өтті. Салтанатты жиынға ауыл әкімі Смагулова Г.О., педагогика саласының ардагерлері қатысты. Оқушыларға жылы лебізін ауыл әкімі, мектеп директоры М.С.Нидерквель, сонымен қатар ата-аналар білдірді. Дәстүр бойынша ортаға 1-сынып бүлдіршіндері шақырылып, өнерлерін көрсетті. Салтанатты жиын «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбындағы алғашқы тәрбие сағаттарымен жалғасты.