Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.
Бүгін мектебімізде соңғы қоңырау іс шарасы ұйымдастырылды. «Қош бол, алтын ұя мектебім» атты тақырыппен ұйымдастырылған жиынға ардегер ұстаздар, білім бөлімінің бас маманы Ахметова Г.С. және Қайып Шайменовтың балалары мен немерелері, ата-аналар қатысты.
Салтанатты шара еліміздің Гимнімен ашылып, шақырылған қонақтар оқушылар мен ұстаздарды мерекелерімен құттықтады.
Шара барысында түлектер мен 1-сынып оқушылары ұстаздарына жүрекжарды өлеңдерін арнап, әсем әндері мен билерін жолдады.
Салтанатты шара соңында Қ.Шайменовтың ұрпағы мектебімізге шахмат кабинетін сыйға тартты. Ашылу рәсімінде лентаны мектеп директоры М.С.Нидерквель және ардагер ұстаз Мереке Каипович Шайменов және Қайып Шайменовтың шөбересі қиды.