Жаңалықтар
Бүгін мектебімізде «Оқушыны жан-жақты қалыптастырудағы мектептегі тәрбие үдерісінің рөлі» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді.
Кеңесте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдары, «Адал азамат» бағдарламасының мазмұны және оқушының тұлғалық дамуына ықпал ететін әдіс-тәсілдер талқыланды. Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, тәрбие мен білімді ұштастыра отырып, баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар мен іс-шаралар жоспары қабылданды.
@oqu_agartu_ministrligi
@_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg


