Қазақстан –ұлы Дала Елі
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданының білім бөлімінің "№12 тірек мектебі (ресурстық орталығы)" КММ кітапханасының оқу залында 25 қазан –Қазақстан Республикасы күніне арналған "Қазақстан –ұлы дала елі" көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты-туған өлке, Туған жер, Отан туралы шығармалармен таныстыру; балалардың Қазақстан Республикасы туралы ой-өрісін кеңейту, қазақ халқының кейбір салт-дәстүрлерімен таныстыру; отансүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Әңгімелесу барысында оқушылар Қазақстан Республикасының рәміздері және олардың маңызы туралы сұрақтарға жауап берді, еліміздің көрікті жерлері туралы әңгіме тыңдады. Көрме оқырмандарды туған өлке туралы кітап оқуға, оның өткенін зерттеуге, бүгінін бағалауға шақырады.
В читальном зале библиотеки КГУ «Опорная школа (ресурсный центр) №12» отдела образования Осакаровского района управления образования Карагандинской области была оформлена выставка « Қазақстан –ұлы Дала Елі», посвященная 25 октября –День Республики Казахстан. Цель выставки – Познакомить с произведениями о родном крае, о родной земле, о Родине; расширить кругозор детей о Республике Казахстан, познакомить с некоторыми обычаями и традициями казахского народа; воспитание патриотизма, любви к Родине. Учащиеся в ходе беседы отвечали на вопросы о символах Республики Казахстан и их значении, прослушали рассказ о достопримечательностях страны.
Выставка призывает читателей: читать книги о родном крае, изучать его прошлое, ценить его настоящее.