back-image
КГУ "Общеобразовательная школа №24"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа №24"
бұйрық №4
11-12-2023 12:27
Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №
4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24
қаңтарда № 26618 болып тіркелді
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 11-4) тармақшасына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қоса берілген қосымшаға сәйкес Ерекше білім беру
қажеттіліктерін бағалау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі
және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы
тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы
мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов
Новости