back-image
КММ " № 11 Жалпы білім беретін мектебі"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КММ " № 11 Жалпы білім беретін мектебі"
МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ
30-01-2023 09:05
2023 жылдың 27 қаңтар күні Математикалық сауаттылық апталығы аясында бастауыш сыныптарда "Ойшылдар мен ақылдылар" тақырыбында танымдық ойын-сабақтар өтті. Сайыстың мақсаты оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру. Қызықты тапсырмаларды орындау барысында оқушылар әр қырынан ашылды. 3-4-сыныптарда "Математика дамуындағы Қазақстан ғалымдары" атты іскерлік ойын өтті.  Ойын ойнату арқылы оқушылардың іскерлік, шапшаңдылықтары байқалды. Бір-бірімен бәсекелесе отырып, есептердің шешу жолдарымен танысты. 5,6,7-сыныптарда "Математикалық виктарина" және "Математикалық регата" тақырыбында танымдық ойындар өткізілді. Оқушылар виктариналық сұрақтан жаңылмай жауап беруге тырысты.  Математикалық терминдермен танысты. 8-9-сыныптарда "Әр күнге арналған Математика" атты КВЕСТ ойыны өтті. Ойын өте қызықты болды. Осы ойын арқылы бірлесіп жұмыс жасады.  Есептерді, тапсырмаларды шапшаң орындап, белсенді қатысты.  Жоғары сынып оқушылары арасында ЖОО мен колледждердің қатысуымен "Математикасыз өмір сүру мүмкін емес" тақырыбында квест-ойыны өтті. Есеп шығарып, тапсырмаларды тез орындап шықты. Оқушылардың біршама қызығушылықтары артты.
@umckrg @bahyt_himaldin 
#қарағандыоблыстықбілімбасқармасыныңосакароваудандықбілімбөлімініңn11ортабілімберумектебіқарағандыоблысыныңоқуәдістемелікорталығы
Новости