back-image
КММ " № 11 Жалпы білім беретін мектебі"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КММ " № 11 Жалпы білім беретін мектебі"
"N11 ЖББМ" КММ-де "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Ұлағат" әкелер мектебі жобасы аясында "Әке жолы-ізгі жол" атты апталық
27-02-2024 09:56
"N11 ЖББМ" КММ-де "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Ұлағат" әкелер мектебі жобасы аясында "Әке жолы-ізгі жол" атты апталық шеңберінде 5-6-сыныптарда балалары мен әкелері арасын нығайту мақсатында "Ер қанаты-ат" тақырыбында аңшылық, қазақ атбегілік өнерінің ерекшелігі жайында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: "Әке-мектеп-бала" үштігін нығайту.
Аңшылық, аң аулау дәстүрінің қалыптасуы, құсбегі, қырандар иесі туралы айтып, қыран жабдықтарымен таныстыру.
Керегеміз – ағаш, ата - бабамыз – қазақ, - дегендей, батырларымыз елін, жерін жаудан қорғаумен бірге, аң аулап, аңшылық дәстүр етіп халқын баққан. Сөйтіп, бұрын біздің халқымыз аңшылықты күн көрістің бірі деп санаса, бүгінде оны сауық - сайран, сән - салтанат рәсімі дәрежесінде қызықтап тамашалайды.
Саятшылықты халық ежелден өнердің бір түрі деп бағалаған. Оны пайда табу немесе күн көріс көзі санамаған. Халық мәдениеті мен аса көрнекті қайраткерлері - Шоқан, Абай, Ақан сері және басқалар саятшылықты қатты ұнатқан. Оған олардың қырандар жайлы жазған көптеген шығармалары куә. Бір кезде қалың жұртты қайран қалдырып, талайлардың таңдайын қақтырған осынау өнер біртіндеп көмескіленіп жоғалып бара жатыр. Саятшылық – ғажап құбылыс, үлкен өнер, зор ғылым. Саятшылық өнері арқылы халық табиғатпен қоян - қолтық араласып, бір - біріне жақындығын сезінеді.

 

Новости