back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№20 жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№20 жалпы білім беретін мектебі" КММ
.
03-04-2024 17:30
.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Ата-ана бақылауы» бағдарламасын пайдалануға арналған кең ауқымды науқанды бастайды. Аталған бастама «Kazakhstan Kids Online. Қазақстандағы балалардың цифрлық өмірі» әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ескере отырып, балалардың ақпараттық қауіпсіздігінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған.

«Ата-ана бақылауы» - онлайн-ортада ата-аналарға балаларына қолжетімді контентті бақылауға мүмкіндік беретін баптаулар кешені. Құпиялылық параметрлерімен бірге, аталған құралдар балаларды онлайн-груминг, киберқақтыру, зорлық-зомбылық, жеке деректерді пайдалану, интернет-порнографияға қол жеткізу, интернет-беделін бұзу және басқа да ықтимал тәуекелдер сияқты тиімсіз контент пен тәуекелдерден қорғауға ықпал етеді.

Ата-ана бақылауының параметрлері онлайн қауіпсіздіктің бір бөлігі ғана екенін есте ұстаған жөн. Кез келген сұрақтардан хабардар болу үшін балалармен олардың онлайн өмірі туралы үнемі әңгімелесу маңызды.

Статистикалық деректерге сүйенетін болсақ, ата-аналардың 17,6%-ы ғана тыйым салынған материалдарды бұғаттау, зиянды және заңсыз контентті интернеттен сүзу құралдарын орнатқан («ата-ана бақылауы» пайдаланылады).

Комитет онлайн-кеңістікте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиімді құралдарды пайдалануда ата-аналарды, педагогтарды және АКТ мамандарын оқытуға және қолдауға өз күш-жігерін жұмсайды. Сондай-ақ, ата-аналарды PLAY MARKET және APP STORE қосымшалары арқылы қолжетімді ата-ана бақылауының қосымшаларын пайдалануға, қосылуға шақырады.

Новости