ЖАЛПЫОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ДИКТАНТ
2024 жылдың 9 қыркүйегінде «Қаныш Сәтбаев атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ-де Қарағанды облысының білім басқармасы мен Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған облыстық ашық диктант өткізілді.
Ашық диктантқа мектеп әкімшілігі мен педагогтер қатысты.
Мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту.
Міндеттері:
- Қазақстан халқын топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту; - қатысушыларға қазақ тілін білу және сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру;
- сауатты қоғам болудың маңыздылығына назар аударту.