back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№13 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№13 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
.
03-03-2023 14:49
.
2023 жылғы 3 наурызда «Өнегелі өмір» жобасы аясында және қаржылық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес жеке кәсіпкер Горбачева Антонина Олеговнамен «Табыс траекториясы» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге 10 сынып оқушылары қатысты. Жас кәсіпкер, Антонина Олеговна, балалармен кәсіпкерлік саласындағы өз тәжірибесімен, ісінің бағыты мен ерекшелігімен бөлісті. «Горбачева А.О.» ЖК, құрылыс материалдары дүкені, жарнамаға мұқтаж емес, ол ауылдағылардың бәріне белгілі. Шағын, жас, отбасылық бизнес бастауын 2018 жылы шағын инвестициялардан алды. «Тұтынушыны» зерттеп, қызмет аясын кеңейтті, «Барлығы тұрмыстық қажеттіліктер үшін» бөлімін ашты, содан кейін «Кеңсе тауарлары» және қызмет көрсету – жеке тапсырыс беру және құрылыс материалдарын үйге жеткізу бөлімдерін қосты.
Антонина Олеговна балаларға жастар бизнесі сұранысқа ие екені туралы айтып, себебін жастардың бизнесті табысты құру үшін қажетті көптеген қасиеттері болатындығымен түсіндірді. «Жас кәсіпкер деген кім?» деген сұраққа ол кәсіпкер – қызмет көрсету, сауда немесе өндіріс түрінде пайда табу мақсатында жеке кәсібімен айналысатын адам, сонымен қоса, оған тән тәуекелге бару қабілеті, еңбекқорлық, жауапкершілік, табандылық, жаңашылдық және, әрине, болашақ кәсібінің саласы туралы іргелі білімнің болуы керек деп жауап берді.
Табыс өздігінен пайда болмайды, кәсіпкерлік қызмет қажырлы еңбекті кездейсоқ емес, үнемі қажет етіп тұрады. Іскерлік әлемі үздіксіз қозғалыста болады, оған «тоқырау» тән емес, осыған байланысты кәсіпкер ондағы болып жатқан барлық өзгерістерге сезімтал болуы керек.
Антонина Олеговна балаларға қаржылай қамтамасыз ететін және қанағат әкелетін мамандықты таңдауға кеңес берді.
Оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды. Әңгіме соңында ол оқушыларға олардың әрқайсысы кәсіпкер бола алатындығы туралы айтты. Әр түрлі өмірлік тарихы, мінездері мен қалауы бар адамдар өз істерін ашады. Бірақ жетістікке жету үшін алдыңа мақсат қойып, сол мақсатқа нақты қадам басу керек. Өзіңе сенімді болу керек!
5-9 сынып оқушылары шығармашылық жұмысты орындап, «Әр елдердің ұлттық валютасы» тақырыбына кітапшалар жасады. Мазмұны: кітапша ақпараттық, танымдық және жарнамалық функцияларды орындайды. Кітапшаның идеясы оқушылардың ақша туралы білімдерін кеңейту, нақтылау және жалпылау, оның отбасындағы рөлі. Өзектілігі: буклет материалдарын жинау және өңдеу бойынша жұмыс жасау барысында оқушылар қаржылық сауаттылық негіздерін білу қажет екендігіне көз жеткізді.
3 марта 2023 года в рамках проекта "Өнегелі өмір» и согласно плану Недели финансовой грамотности, была проведена встреча «Траектория успеха» с индивидуальным предпринимателем Горбачевой Антониной Олеговной. На встрече присутствовали учащиеся 10 класса.
Антонина Олеговна, молодой предприниматель, поделилась с ребятами своим опытом в области предпринимательства, с направлением и спецификой работы своего дела. ИП «Горбачева А.О.», магазин строительных материалов в рекламе не нуждается, он известен всем в селе. Бизнес малый, молодой, семейный, начинался с небольших вложений, в 2018 году. Изучив своего «потребителя», расширили сферу деятельности, добавили отдел «все для бытовых нужд», а затем «канцелярские товары» и оказание услуг – индивидуальный заказ и доставку строительных материалов на дом.
Антонина Олеговна рассказала ребятам о том, что молодежный бизнес востребован, потому что молодежь обладает многими качествами, которые необходимы для успешного построения бизнеса. На вопрос: «Молодой предприниматель - кто он?», ответила, что предприниматель – это лицо, имеющее своё дело в целях получения прибыли в форме оказания услуг, торговли или производства и ему свойственны определенные признаки: способность к риску, трудолюбие, ответственность, упорство, новаторство и, конечно, наличие образования в виде фундаментальных знаний о сфере будущего занятия.
Успех не приходит сам по себе, предпринимательская деятельность требует напряженной работы, не от случая к случаю, а постоянно. Мир бизнеса находится в постоянном движении, для него не свойственны «застои», а в связи с этим предприниматель должны чутко реагировать на все изменения, происходящие в нём.
Антонина Олеговна посоветовала ребятам выбрать профессию, которая принесёт им и финансовое обеспечение, и удовлетворение.
Школьники задавали вопросы, их интересующие. В заключение беседы она сказала школьникам, что предпринимателем может стать каждый из вас. Свое дело открывают люди с совершенно разными историями жизни, чертами характера и желаниями. Но чтобы добиться успеха, нужно поставить цель и чётко двигаться к этой цели. Быть уверенным в себе!
Школьники 5-9 классов выполнили творческую работу - буклеты «Национальная валюта разных стран». Содержание: буклет выполняет информационную, обучающую и рекламную функции. Идея буклета расширение, уточнение и обобщение знаний учащихся о деньгах, их роли в семье. Актуальность: работая над сбором и обработкой материалов буклета, учащиеся убедились в необходимости знаний основ финансовой грамотности.
Новости