2023 жылғы 20 маусымнан бастап 2023-2024 оқу жылына арналған 10-сыныпқа қабылдау бастылып, 2023 жылғы 15 тамызда аяқталады.
Мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес 10-сыныпқа қабылдау бойынша өтініштерді беру үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- ата-анасының өтініші(немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- 026/у -3 формасы бойынша баланың денсаулығы туралы құжат "Бала денсаулығы туралы құжат;
- 065/у формасы бойынша баланың денсаулығы туралы құжат;
- 3х4 екі дана фотосурет;
- негізгі орта білім туралы аттестат.
Өтініштерді e.bilimal.kz немесе eGov.kz цифрлық қызметтер платформасы арқылы беруге болады.
Өтініштер 1 күн жұмыс уақытында қаралады.
Барлық сұрақтар бойынша мектеп әкімшілігіне хабарласыңыз.
Өтініш беруге үлгеріңіз!
Руководство_для_Родителей_по_приему_и_зачислению_в_10_класс
Ата_анаға_арналған_10_сыныпқа_қабылдау_және_тіркеу_нұсқаулығы