back-image
КГУ "Кайрактинская НШ"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Кайрактинская НШ"
Қайрақты бастауыш мектебі "Біртұтас тәрбие" жылдық жоспарына талдау
01-11-2024 15:35

«Қайрақты бастауыш мектебі» КММ

2023-2024 оқу жылындағы біртұтас   тәрбие

жұмысының  жылдық есебі:

 

              2023-2024 оқу жылы бойынша Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша жылдық жоспар құрылып іс шаралар өткізілді.Жалпыазаматтық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеуде біртұтас тәрбие бағдарламасы  ұлттық адами құндылықтарға негізделген.  

Тәрбие мақсаты:жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Міндеттері:

ата-ананың өсиетін тыңдауға, перзенттік парызын түсінуге,  отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге тәрбиелеу;

ұлттық мұраны қастерлеуге; қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу;

жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ой тазалығына және эмоционалды тұрақтылыққа баулу;

табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.

Бүгінгі өскелең ұрпақ тәрбиесі еліміздің болашақтағы жарқын келбетін айшықтайды. Құндылық адамның өмірлік ұстанымына, таңдауына, шешім қабылдауына ұстын болатын көзқарастар жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді, оның іс-әрекетін, мінез-құлқын анықтайды.

Әдептілік, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, отаншылдық, қамқорлық, жауапкершілік, еңбекқорлық, бірлік, ризашылық, бауырмашылдық, ұлттық мұра мен қазақ тілін қастерлеу, қоғам игілігіне қызмет ету, салауатты өмір салтын ұстану секілді қасиеттерді қалыптастыруға тұғыр болатын ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтарын дарыту қажет.

Ұлттық мүдде құндылығы Қазақстанның  мемлекеттілігін нығайтуға атсалысуға, оңтайлы имиджін қалыптастыруға, еліміздің мүддесіне, қоғам игілігіне адал қызмет етуге, ұлттық мұраға ұқыптылықпен қарауға және оны дәріптеуге, қазақ тілінің аясын кеңейтуге үлес қосатын, құқықтық, экологиялық мәдениеті жоғары ұрпақ  тәрбиелеуге тұғыр болады.

Ұлттық мүдде құндылығын дарыту арқылы отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл, мемлекеттік  рәміздерді қадірлейтін, елінің тарихын құрметтейтін, ұлттық мұраны, мәдениетті дәріптейтін, құқықтық және экологиялық мәдениеті жоғары тұлға тәрбиелеуді көздейді.

Ар-ұят құндылығы этикалық принциптерді қалыптастыруға, өзін және өзгелерді құрметтеуге, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, мінез-құлықты нығайтуға және жауапты азамат болуға ынталандырады және мейірімділікке, еңбекқорлыққа баулуды көздейді. Өйткені білім де, ғылым да ерен еңбекпен келеді. Еңбек адам өмірінде маңызды. Адамның рухани дамуына, кәсіби әлеуетінің жетілуіне, қоғамдық сананы жаңғыртуға, ел экономикасын көркейтуге тұғыр болады. Ар-ұят құндылығы академиялық адалдық қағидатын қолдау, адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, отбасының, өз ортасының абыройын асыру, әдеп нормаларын ұстану, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну, достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну, мейірімділік таныту арқылы қалыптасады.

Ар-ұят құндылығы арқылы адалдықты жоғары бағалайтын, сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытатын, ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайтын, достарын, сыныптастарын сыйлайтын, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсететін тұлға тәрбиелеуді көздейді.

Талап құндылығы өскелең ұрпақ бойында мәдениеттілік, табандылық, үнемшілдік, қанағат, ерік-жігер, таза ой мен адал ниетке тұғыр болады. Сол себепті талап құндылығы білім алушылардың сыни және креативті ойлау, жеке және командамен жұмыс істей білу, білуге, жаңаны тануға құштар болу, физикалық белсенді болу,  салауатты өмір салтын ұстану, технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету, дұрыс қарым-қатынас орната білу, уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау дағдыларын дамытуға бағытталады. Талап құндылығы құндылығы арқылы жан мен тән тазалығын сақтайтын, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінетін, қоршаған орта тазалығын сақтайтын, ақпараттық, медиа және қаржылық сауаттылығы жоғары, ізденімпаз, жасампаз тұлға тәрбиелеуді көздейді.

«Еңбегі адал жас өрен» жобасыаясында «Мектебім -мейірім мекені» сынып сағаттары өтті.Сынып сағаттары аясында педагогтер білімге деген ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық, жаңа оқу жылында рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамыту туралы бірлескен талқылау ұйымдастырып, достық қарым-қатынастың, жауапкершілік пен бір-біріне деген құрметтің маңыздылығын ашуға тырысты.Сынып сағатының шеңберінде ұлттық құндылықтардың, патриотизмнің, адалдықтың, адам өміріндегі бір-біріне деген құрмет пен сенімнің рөлін талқылауға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар адал еңбек пен еңбекқорлық мәдениетін кеңінен насихаттау мақсатында Алаш ұраны күні «Адал азамат-әділетті Қазақстан»,  «Адалдық-атадан қалған мұра», «Әкеге-ізет,анаға-құрмет», «Ұлы дала перзентімін», «Қоғамға қызмет ет», «Оян, ар мен адалдық», «Адал жол-адал ұрпақ» атты сынып сағаттары өтті.

Бүгінде білім алушыларды еңбекті құрметтеуге баулу компьютерлікойындарға деген құмарлықты, жалқаулықты жеңуге, лудомания дертін азайтуға ықпал ету мақсатында жасөспірімдер үшін құмар ойынға тәуелділіктің салдары туралы кешенді түсіндіру жұмыстары, «Қақпан», «Лудоманиядан сақтандыру,мәселесінің алдын-алу және шешу тәсілдері» атауымен аймақтық бірыңғай сынып сағаттары өтіп, деректі фильмдер көрсетілімі ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Ғаламтор қауіпсіздігі» жобасы аясында «Отбасылық дәстүрлер» сынып сағаты мен «Тыныс ал!Қозғал!Өмір сүр!» челленджі ұйымдастырылды.Жоба шеңберінде атқарылатын іс-шаралар мазмұнында білім алушыларға өз уақытын дұрыс, тиімді жоспарлау, қаржылық сауаттылық, шешім қабылдау, мақсатты әрекет ету дағдыларын дамытуға бағытталды.

«Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасықұқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық пен мемлекеттілікке ерте тәрбиелеу мақсатында жүзеге асырылады.Осы жоба негізінде ғұмырын қазақ тілі білімінің негізін салып, қазақ әдебиетінің дамуына арнаған көрнекті қоғам қайраткері, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасы арқылы оқушыларға танымдық тәрбие беру мақсатында 5-қыркүйек-Ахмет Байтұрсынұлы күні,  «Толық адам» Абай ілімі сынып сағаттары және «Ұлы даланың -ұлтаралық тілі» атты Тілдер күніне орай онкүндігі өтті.Онкүндік «Тіл- кемел болашақ тұғыры» атты салтанатты жиынмен басталып,«Мемлекеттік тіл,-менің тілім»  атты үш тілде құттықтау репортажымен жалғасты. 28 қыркүйек- Қазақ жазушылар күні «Кітапқа жазылмаған тарих» атты Ерлік сабақтары, Қожа Ахмет Яссауидің 930 жылдығына орай «Қожа Ахмет Яссауидің хәл хикмет ілімі» сынып сағаты, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу аясында Рухани келісім күнінде «Өнегелі өмір» сынып сағаттары,  Абай ілімін насихаттау негізінде«Бес нәрсеге асық бол...» сынып сағаттары мен Республика күніне орай «Ел тірегі» , Тәуелсіздік күніне орай «Қазақстан-біртұтас жер,біртұтас халық, біртұтас болашақ» атты іс-шаралар өтті.

Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс -жүзінде асыра білуге үйрету. Тәртіптілікке ,сақ болуға, көшеде өздерің дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу мақсатында осы жоба негізінде «Балалардың көшеде, жолда жүру ережелері», «Көше күтпеген оқиғаларға толы», «Білім алушылардың көшеде және жолдарда жүрудің негізгі ережелері»,  «Жол жүру ережелерін білеміз бе?» тақырыпта сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралар өтті.

Жеткіншектің жеті жарғысыжобасы аясында 10 қаңтарда қазақ халқының дарынды жазушысы Ілияс Есенберлиннің 109 жыл толуына орай 9 сыныппен жазушының өмірбаяны, марапаттары мен шығармашылығы жайлы сөз қозғалды.Іс-шара соңында "Көшпенділер" (трилогия) тарихи эпопеясына талқылау жасалды

     

      17 қаңтары мен 17 ақпаны аралығында"ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН" АКЦИЯСЫ өтті, оқушылардың позитивті қарым-қатынастары мен эмоционалдық әл-ауқатын дамыту мақсатында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамашылдығымен ұйымдастырылды.
Бастама достық, қауіпсіз кеңістік құру үшін ынтымақтастық арқылы позитивті қарым-қатынастың ең тиімді жолдарын іздеуде оқушылар қауымдастығын біріктіруге бағытталған.

-"ХХІ ғасыр-сауатты ұрпақ"атты оқу сауаттылығы апталығының және Досболlike акциясы аясында пән мұғалімдері арасында "Бастауыш сынып пен орта буын арасындағы оқу сауаттылығын дамытудағы сабақтастық" атты коучинг өткізілді.
Жауапты: Смаилова С.Қ ,Елеу А.Т

-Математика апталығы жоспары және Досболlike акциясы аясында бастауыш сынып оқушылары арасында «Мен математикамен доспын» тақырыбында ребустар, сөзжұмбақтар сайысы өтті.

-«Қалаймын-жасай аламын-жасаймын» формуласына сәйкес ортақ мүдделер мен бірлескен қызмет негізінде оқушылар өз ойларын жазып, достық алақанын жасады.

-"Досболlike" акциясы аясында мектебімізде "Bauyrsaq Party" іс-шарасы өтті.Іс-шара мақсаты достық атмосфера құру, ұлттық құндылықтарды оқушылар бойына дарыту. 

         «Әкелер айлығы» аясында "Әкешім-бәйтерегім" виртуалды поэзия, "Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттын қамын жер " отбасылық фотоколлаж, Алғыс айту күніне орай «Мен әкеммен мақтанамын» бейнеролик челленджі, өлең шығарушы оқушы шығармашылығы,"Ұлттық ойын-ұлт қазынасы" әкемен бірге ұлттық ойын ойнау шаралары өтті.

”.

     "Тоғыз айға тоғыз іс-шара"аясында мектеп кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" челленджі мен "Сүйікті кітабым" көрмесі ұйымдастырылды.

- «Қазақ есебі»челленджі ф-м.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА академигі, ғалым-математик Жұмадилдаев Асқар Серқұлұлының авторлық есептерін шешуге арналады.

- «Домбырашылар» челленджіне 9-сынып оқушысы Төленді Иманәлі  "Әлқисса" күйін орындады.

-Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында "Жасыл аймақ" апталығы бойынша «Таза өлке» атауымен сенбілік өтті.

    "Даналық мектебі"клубы жоспарына сәйкес 1-9 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Отбасылық таланттар» іс-шарасы.

-Халықаралық отбасы күніне орай бастауыш сынып бірлестігі ата-аналармен "Отбасы Fest" сыныптан тыс жұмыс негізінде "Бақытты отбасы" атты отбасылық спорттық іс-шарасын өткізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ

 

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ

 

Табысты оқушылардың шығармашылығын шыңдауда, дарындылығын ашуда мүмкіндіктердің болуы;

  • Тәрбие мен оқу процесіндегі жаңашыл жобалардың ата-аналар қолдауында.

 

  • Мектептегі тәрбие бағытын дамытуға арналған жобалар бойынша оқушылардың өзін-өзі басқару жұмысын жүйеліжолға қою.(Тәлімгер жұмысы)

МҮМКІНДІКТЕР

 

ҚАУІП-ҚАТЕР

 

  • Мұғалім мен оқушының  арасындағы сенімділік пен педагогикалық қарым-қатынасты орнату.Ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып,  потенциалды  біріктіру.
  • Сынып жетекшілердіңкәсіби өсуін және мансабын ынталандыру шараларын нығайту

Балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырылмауы (үйірме жұмысы)

  • Жалпы отбасы құндылықтарының әлсіздігі және бала тәрбиесінде ата-аналар жауапкершілігінің төмендігі
  • ( ата-ана жиналыстарына қатысу төмен)

 

Новости