back-image
КГУ "Кайрактинская НШ"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Кайрактинская НШ"
"Қайрақты бастауыш мектебі" Өзің-өзі бағалау құжаттары
14-06-2024 20:44

Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің  «Қайрақты бастауыш мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің

өзін-өзі бағалау

ҚОРЫТЫНДЫСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды облысы

2024 жыл

 

 

«Қарағанды облысы білім басқармасының Шет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Қайрақты бастауыш мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесін

өзін-өзі бағалауының қорытынды

АНЫҚТАМАСЫ

Бақылау түрі: өзін-өзі бағалау.

              

Өзін-өзі бағалау жүргізуге негіз: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 634 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық»,  "Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 шiлдедегі № 366 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 шiлдедегі бұйрығы,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Ш.Қожахметованың «Қарағанды  облысы бойынша 2022 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізімі» 25.06.2021 жылғы бұйрығы.

Өзін-өзі бағалау  комиссиясының құрамы:

 Макажанова Гулим Турсынхановна

 

Мектеп директоры                                    

Жумкина Сауле Шашубаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

Аубакирова Диана Багланқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

 

      Өзін-өзі бағалау барысында төмендегі мәселелер тексеріліп сарапталды, олар:

1) білім беру ұйымдарының мақсаты, міндеттері мен құндылықтары;

2) оқу және оқыту;

3) білікті қызметкерлердің болуы;

4) қолжетімді білім беру үшін жағдай жасау;

5) білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6) тиімді оқытуға ықпал ететін материалдық-техникалық база.

 

« Қайрақты бастауыш мектебі»  коммуналдық мемлекеттік  мекемесіне  жалпы сипаттама.

     Білім беру мекемесінің толық атауы: «Қарағанды облысы білім басқармасының Шет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Қайрақты бастауыш мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі.

  • БСН 030240002870 заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі 2021 жылдың 14 қаңтарында берілген. Алғашқы мемлекеттік тіркелген күні 2003жыл 26 қаңтар.
  • Заңды мекен-жайы:101700, Қазақстан Республикасы  Қарағанды облысы  Шет ауданы  Қайрақты ауылы Жидебай батыр көшесі 6 А. Электрондық мекен-жайы:makazhanova.gulim@mail.ruТелефон, факс: 8 (71031) 50-3-27.
  • Мектептің техникалық паспорты 2007 жылы  04-шілдесінде жасалған. Сериясы –А, қабат саны-1, құрылыс ауданы-135,5 ғимараттың ауқымы-403, салынған жылы-1990 жыл(көшірме қосымша ұсынылады).
  • «Қайрақты бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 08.01.2021 жылы тіркеліп, Қарағанды облысының әкімдігінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы №А-01/01 қаулысымен бекітілген  (көшірме қосымша ұсынылады);
  • «Қайрақты бастауыш мектебі» КММ–нің басқару органы -«Қарағанды облысының білім басқармасы»; Құрылтайшысы-«Қарағанды облысының әкімдігі».
  • Мектептің білім беру қызметі ҚР «Білім туралы» заңына, ҚР бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің нормативті құжаттарына, ҚР БжҒМ нұсқаулық хаттары мен бұйрықтарына, ҚР орта жалпы білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдары қызметінің типтік Ережелеріне, Мектеп Жарғысына сәйкес жүзеге асырылуда.
  • Жалпы  білім беретін қызметімен айналысуға құқық беретін мемлекеттік лицензия: 10 ақпан 2021 жылғы  №KZ55LAA00022976, мерзімі– шектелмеген (көшірме қосымша ұсынылады).
  • Мектептің қаржы-экономикалық жағы Аудандық  білім бөлімінде орталықтандырылған. Мекеменің мөрі бар.
  • «Қайрақты бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Мектепішілік тәртіп ережелері «Білім туралы» Заң, Жарғы және басқа да азаматтық қатынастарды реттейтін нормативті құқықтық құжаттар негізінде құрылған.

Мектеп директоры Макажанова Гулим Турсынхановна 2014 жылы 15 тамызында Шет аудандық білім бөлімінің №75нқ бұйрығымен Қайрақты бастауыш мектебінің басшысы қызметіне тағайындалды.  Мектеп  Мемлекеттік аттестаттаудан 2012 жылы өтіп «аттестатталды».

Мектепте 2020-2025 жылдарға арналған білім беруді дамытудың  бағдарламасы жоспарланған.

Бағдарламаның іске асыру 3 кезеңнен тұрады:

І кезең-2021-2022 жж.

Білім саласын дамыту бойынша негізгі шараларды іске асыру және білім беруді дамытудыңбасты міндеттерін қамтамасыз ететін кіші бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың аясында МТБ-ны жаңарту;

ІІ кезең-2022-2023 жж.

- Білім беру жүйесін дамытудың инновациялық бағытын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру;

- Жаңа білім беру бағдарламалары мен технологияларын енгізу;

- Мектепте білім беру жүйесіне қосымша ресурстарды тартуға жағдай жасау.

ІІІ кезең – 2023-2024 жж.

Мектептің білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын іске асыру, жұмыс нәтижелерін жалпылау.

    Мектептің өзекті мәселесі үш жылға арналған. Өзекті мәселе:«Жаңа технологияларды пайдалана отырып,саналы тәрбие,білім беру».

Мектептің өзекті мәселесі бойынша алға қойылған міндеттері:

  • ҚР жалпыға білім беру стандарттарына сәйкес білім беру бағдарламаларын оқушыларға меңгерту;
  • Жеке оқушылардың шығармашылық,рухани және мәдени, сауықтыру және спорттық мүмкіндіктерін дамыту;
  • Отандық және жахандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу,қазақ халқы мен басқа да халықтарының тарихи әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу,мемлекеттік тілді және үш тілді саясатты меңгерту;
  • Оқушыларға жан-жақты еңбек пен жахандық деңгейлердегі қойылатын талаптарға сай сапалы білім беру;
  • Салауатты өмір ұстанымдарын дамыту,интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай жасау;
  • Оқушыларды ұлтжандылыққа,елжандылыққа,ұлттық тәрбие негізінде тәрбиелеу.

Істер номенклатурасы:1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 06 қазандағы № 263 бұйрығымен бекітілген «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі»(Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 06 қазандағы № 271 бұйрығымен өзгерістер енгізілді)

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен бекітілген «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарының»;
3. Қарағанды облысының білім басқармасының 2021 жылғы «20» қазан №1 сараптау комиссиясының хаттамасымен келісілген«Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, жалпы білім беретін мекемелерқызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі» негізінде құрастырылды.

Білім мекемесінің іс қағаздары:

01 - Басшылық және бақылау

02 - Кадрлармен жұмыс

03 - Оқушылармен жұмыс

04 – Оқу-тәрбие жұмыстары

05 - Кітапхана

06 - Шаруашылық бөлімі

07 - Мемлекеттік қызметтер

Өзін-өзі бағалау кезінде   құжаттар реті номенклатураға  сәйкес жүргізілген

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі ҚР Заңының 5-бабының 34-1 тармақшасы негізінде «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы ҚР Заңының 5-бабы 3-тармағына және 16-бабының 1-тармағына сәйкесҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы «Педагогикалық әдеп қағидаларын бекіту туралы» №192 бұйрығын орындау мақсатында мектепте педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес құрамы мектеп директорының 2020 жылы 10 қыркүйек №11 бұйрығымен 3 жылға құрылды. Кеңес құрамы  3 адамнан тұрады.

Өзін-өзі бағалау тексеру парағы:

      1) Білім беру ұйымының жылдық жұмыс жоспарының болуы және МЖМБС талаптарында айқындалған жалпы орта білім берудің базалық құндылықтарына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі (бағаланатын кезеңге жылдық жұмыс жоспарларының көшірмелері қоса беріледі);

       Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын басқару және ұйымдастыру                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                оқу жылдарына арналған жұмыс жоспарларымен  анықталған. Жұмыс жоспарлары  тамыз айындағы педагогикалық кеңестерде талданып, бекітілген.

 

2021-2022 оқу жылы

Мақсаты:оқу үрдісінде бейінді білім алуға бағытталған жұмыс жүйесін қалыптастыру, құзіретті тұлға тәрбиелеудің алғышарттарын құру, оқытудың жаңа әдіс – тәсілдері арқылы білім бәсекесіне қабілетті тұлға қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Ақпараттық технологиялар негізінде жаңа білім беру ортасын әрі қарай дамуын қамтамасыз ету.
  • Пән мұғалімдеріне оқу мен оқыту жаңа әдістемелерін қолдану және білім сапасының тиімділігін қолдану үшін жұмыстарына жаңа педагогикалық технологияларын енгізу.
  • Оқушылардың даму динамикасын байқайтын, әр оқытудың кезеңінде біліктіліктің деңгейін белгілейтін диагностикалық жүйесін әзірлеу.  Оқушылардың өз бетімен білім алу және өзін-өзі дамыту дербестігін өркендету.
  • Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың тәжірибесін жинақтау және  тарату;
  • Тәжірибе алмасу ортасын жоғары деңгейге көтеру;
  • Жас мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курс бағдарламасын іске асыру;
  • Дарынды оқушылармен жұмыс сапасын арттыру.
  • Балаларды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам  құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу; 
  • Қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни  толеранттылықты тәрбиелеу;
  • Отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мектептің тәрбие жүйесіне араластыру

2022-2023 оқу жылында

Мақсаты:  

- Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау:

- Жеке тұлғаны   қалыптастыру үшін мектептің педагогика- психологиялық кеңістігінде баланың шығармашылық және  интеллектуалдық потенциалының дамуына ықпал жасау;

- Жеке тұлғаға бағытталған  мектептің оқу- тәрбие үрдісінде жаңа технологиялар мен әдістерді бейімдеу және енгізу;

- Баланы жан-жақты мәдениетті, қазақ халық педагогикасы қағидаларына бағыттап, алдыңғы қатарлы жеке тұлға  ретінде тәрбиелеу;

- Ақпараттандыру құралдарын кеңінен қолдану.

Міндеттері:   

-Жеке тұлғаның қабілетін, мүмкіндігін және қызығушылығын ескере отырып толық , сапалы білім алуға жағдай жасау;

-Оқушының бойында адамгершілік, Отансүйгіштік, ұлтжандылық, өзін- өзі қадірлей алатын, өзіне талап қоя алатын қасиеттерге және салауатты өмір сүруге тәрбиелеу;

-Шығармашылық еңбек ететін мұғалімдермен тәжірибе алмасу үшін шығармашылық топтар, пән лабораториясын ұйымдастыру;

-Оқу- тәрбие үрдісіндегі диагностика мен мониторинг жүйесін жетілдіру;

-Оқушылардың жалпы мәдениеттілік бағытын күшейту;

-Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін анықтау.

 

 

2023-2024 оқу жылында

Мақсаты: білім алушының тұлғалық үйлесімді қалыптасуы, функционалды сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің дамуы үшін қолайлы, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ортасын құру.

Міндеттер:

1. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сай білім беру мен тәрбие мазмұнының сапасын арттыру.

2. Білім алушылардың білімін толықтыру.

3. Оқу жүктемесі төмендетілген ҮОЖ-ын жүзеге асыру.

4. Қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету.

5. Цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау.

6. Мектеп пен ата-аналардың өзара байланысын күшейту.

7. Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру.

 

2) Білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің болуы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ЖББ ҮОЖ) және МЖМБС талаптарына сәйкестігі. Бағалаланатын кезеңге жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің көшірмелері қоса беріледі;

   202-2023,2023-2024,2024-2025 жұмыс оқу жоспарлары тексерілді.

   

.

    2021-2022 оқу жылында  1-4-сыныптар ҚР Білім және ғылым министрінің  2018 жылғы 31 қазандағы  №604 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» және ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарларына» өзгерістер мен толықтырулар 2018 жылғы 4 қыркүйектегі  №441 үлгілік оқу жоспары;

    2022-2023 оқу жылында  1-4-сыныптар ҚР Білім және ғылым министрінің  2018 жылғы 31 қазандағы  №604 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты»  (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) және ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарларына» өзгерістер мен толықтырулар 2020 жылғы 17 тамыздағы   №350 үлгілік оқу жоспарының 6- қосымшасы;

.

2023-2024оқу жылында  1-4 сыныптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы  № 415  бұйрығының  1-қосымшасы

 

 3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – ЖББ үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылатын инвариантты компонент пәндерінің базалық мазмұнын игеру;

2021-2022 оқу жылында 1-4 - сыныптар жаңартылған білім беру жүйесі бойынша білім алды және  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) оқу бағдарламаларымен оқытылды.

2022-2023 оқу жылында 1-4 - сыныптар жаңартылған білім беру жүйесі бойынша білім алды және  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) оқу бағдарламаларымен оқытылды.

2023-2024 оқу жылында 1-4 - сыныптар жаңартылған білім беру жүйесі бойынша білім алды және  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) оқу бағдарламаларымен оқытылуда. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген № 496 «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына (188-2к қосымша), 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына (4-қосымша) өзгерістер енгізілген).

      4) білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру (бағаланатын кезеңге тәрбие жұмысы жоспарының көшірмесі қоса беріледі);

Қайрақты бастауыш мектебіндегі тәрбие ісі жұмысының жылдық жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне» басшылыққа алынып  жасалған. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясы аясында отбасылық тәрбие құндылықтары, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерінің өзара кірігуі негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиенің кіріктірілуіне, тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарланған. 

«Туған жер» бағдарламасы өз еліне, өз ауылына, өз қаласына деген махаббаты, жалпы ұлттық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған.

Аталған бағдарлама «Рухани жаңғыру» жалпы сана – сезімін қалыптастыру бағдарламасының ең негізгі элементі болып табылады.

Жалпы, «Туған жер» бағдарламасы тек ауыл-аймақты дамыту меншектеліп қалмайтын жоба екенін түсінуіміз керек. Бағдарламаның ауқымы әлдеқайда кең және мақсаты да ұлттың рухани құндылықтарын дамытуға бағытталған.

Ең алдымен бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегітарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. 

2021-2022  оқу жылынаарналған   тәрбие жұмысының  жоспары  тәрбие үдерісіне  тікелей қатысты негізгі ҚР Президентінің  2016 жылғы 1 наурыздағы №205  бұйрығымен  бекітілген, Қазақстан Республикасы білім беруді  және ғылымды   дамытудың 2016-2019  жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарлама; ҚР Білім және ғылым  министрінің 2019 жылғы 15  сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы  Тәрбиені  тұжырымдамалық  негіздері; ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145  бұйрығымен бекітілген, 2019-2024 жылдарға арналған  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру  аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық  негіздерін  іске асырудың  іс – шаралар жоспары;ҚР Білім  және ғылым министрінің 2018 жылғы 1қазандағы №525 бұйрығымен бекітілген, ҚР өлкетануды  дамытудың Тұжырымдамалық негіздері  басшылыққа ала отырып құрылды.

          Тәрбие жұмысының жүйесі келесі нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген, 2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың іс-шаралар жоспары;

3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы №525 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың Тұжырымдамалық негіздері.

- Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды) (10.03.2017 ж. берілген өзгерістер мен және толықтырулармен); -

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» №518-ІҮ2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (02.07.2018 ж. берілген өзгерістермен және толықтырулармен);

- «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы (04.07.2018 ж. өзгерістермен және толықтырулармен);

- «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» № 345-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (24.05.2018 ж. өзгерістермен және толықтырулармен);

- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы № 483-ІҮ Заңы (22.12.2016 ж. өзгертулермен және толықтырулармен);

- Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы (Астана қ., 12 сәуір 2017 ж.);

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 460 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамыту.

 

      «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ»

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ:

  • Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

  • Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:

отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;

адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;

табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиел

  • Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:

          елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;

          отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;

          өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын

          болуға баулу;

          әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.

  • Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:

          басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;

          өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;

          еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;

          біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.

  • Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:

          әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;

          білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру.

  • Бағдарлама мазмұны:

            Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамыту білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесі

          жағдайында жүйелі ұйымдастырылады. Бұл міндетті іске асыру білім беру мазмұны, сынып сағаттары

           мен сыныптан тыс іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады.

Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс:

Қыркүйек– еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;

Қазан айы– тәуелсіздік және отаншылдық айы;

Қараша айы– әділдік және жауапкершілік айы;

Желтоқсан– бірлік және ынтымақ айы;

Қаңтар– заң және тәртіп айы;

Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;

Наурыз–тәуелсіздік және отаншылдық айы;

Сәуір– еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;

Мамыр– бірлік және ынтымақ айы.

 

  • Бағдарламаның күтілетін нәтижелері:

Бағдарламаны дәйекті және кешенді іске асыру нәтижесінде білім берудің барлық деңгейіндегі ұйым

түлектерінің бойында құндылықтар мен негізгі құзыреттері қалыптастыру және дамыту күтіледі:

  • Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық

Құзыреттілік: ұлттық мүддені дамыту

Бастауыш мектеп түлегі:

мемлекеттік тілді білу және құрметтеу;

мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету және өз еліне сүйіспеншілік таныту;

дәстүрлерді сақтау және құрметтеу;

отбасының құндылығын түсіну;

тарихи және мәдени мұраны зерттеуге қызығушылық таныту;

қоршаған ортаға қамқорлық жасау.

  • Құндылық: бірлік және ынтымақ

Құзыреттілік: тиімді коммуникация

Бастауыш мектеп түлегі:

командада жұмыс істеу, бір-бірін тыңдау және ортақ мақсатқа жетуде бірлесіп әрекет ету;

өз ісіне мұқият болу және басқаларға көмек көрсету;

басқаларға құрмет көрсету және олардың ерекшелігіне төзімді болу;

бірлескен жетістіктерге ұмтылу және ұжымдық күш жігерді ынталандыру;

тапсырмаларды орындауда және мәселелерді шешуде бір-біріне көмектесу.

  • Құндылық: әділдік және жауапкершілік

Құзыреттілік: қоғамға қызмет

Бастауыш мектеп түлегі:

шындықты айту;

достыққа адал болу;

жақсылық пен жамандықты, әділдік және әділетсіздікті ажырата білу;

өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау;

заттар мен мүлікті ұқыпты ұстау.

  • Құндылық: заң және тәртіп

Құзыреттілік: азаматтық борыш және парасаттылық

Бастауыш мектеп түлегі:

өз құқықтары мен міндеттерін білу, әдеп нормаларын ұстану, сыныптағы және мектептегі мінез-құлық

ережелерін сақтау;

қауіпсіздік ережелерін, оның ішінде жол қозғалысы ережелерін білу және сақтау;

педагогтерге немесе ата-аналарға проблеманың алдын алу және шешу үшін шаралар қабылдауда көрген

немесе білетін қауіптер туралы хабарлау;

кемсітушілік пен қудалаудың кез-келген түрінен аулақ бола отырып, педагогтердің, сыныптастарының

құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу.

  • Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Құзыреттілік: инновациялық ойлау

Бастауыш мектеп түлегі:

мамандықтың ерекшеліктерін білу және адамдардың еңбегін құрметтеу;

өз-өзіне қызмет ету және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қолдану;

отбасында және оқуда қажетті жұмыстарды жүйелі түрде тәртіпті және сапалы орындау;

нәтижеге жету мақсатын белгілеу және оны іске асыруды жоспарлау, ұйымдастыру және оған қол

 жеткізуге ұмтылу;

өз білімі мен дағдыларын дамыту үшін тыңғылықты жұмыс істеу.

  • Құндылық:жасампаздық және жаңашылдық

Құзыреттілік:шығармашылық

Бастауышмектептүлегі:

қоршағанәлемдізерттеу,сұрақтарқою,эксперименттержүргізу жәнеалынғанмәліметтернегізінде

қорытындыжасай алу;

жаңаидеялардықалыптастыру, мәселелердіңстандартты емесшешімдерінкөружәнеолардыісжүзінде

қолдана алу;

инновациялық идеяларды жүзеге асыруға ықпал ететін компьютермен жұмыс істеу негіздерін және басқа

да технологиялық дағдыларды меңгеру;

жаңатәсілдерментехнологиялардықолданудыталапететін балаларжобаларынақатысуғадайынболу;

өзәрекеттерініңқоршағанәлемүшінмаңыздылығыменсалдарынтүсіну.

 

Әр айдың іс-шаралары :

күнделікті

• «Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды.

• «Апта дәйексөздері»– бүкіл білім беру ұйымның оқу және оқудан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастырылады.

• «Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру немесе әңгіме өткізу.

«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б.

«Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінезқұлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі.

«Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру: жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу.

«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау апта сайын.

 

          Бастауыш білім беретін мектептің тәрбие жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.
  • Рухани-танымдық тәрбие.
  • Ұлттық тәрбие.
  • Отбасылық тәрбие.
  • Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.
  •  Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.
  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.
  • Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Осы аталған бағыттар бойынша  түрлі жұмыстар жүргізіліп келді.

 

 2022-2023  оқу  жылына арналған  Қайрақты бастауыш мектебіндегі  тәрбие ісінің  жылдық жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген, 2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне» басшылыққа  алынып жасалынған. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері тәрбиелеудің әрбір бағыты «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын, тәрбиенің заманауи тұжырымдарын, білім мен тәрбиені дамытудың әлемдік үрдістерін (жаһандану, интернационалдандыру, кіріктіру, компьютерлендіру, цифрландыру, универсалдандыру және т.б.), тәрбиенің әдіснамалық негіздері мен қағидаттарын қамтитындай түсінік пен танымнан құруға бағытталған.

          2023-2024  оқу жылына арналған  тәрбие жұмысының  жоспары тәрбие  үдерісіне қатысты негізгі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген  Қазақстан  Республикасында білім беруді және  ғылымды дамытудың 2020-2025  жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігінің 2019 жылғы  15 сәуірдегі № 145  бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  іске асыру  жағдайындағы  Тәрбиенің  тұжырымдамалық негіздері;  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы №525  бұйрығымен бекітілген Қазақстан  Республикасында өлкетануды дамытудың  тұжырымдамалық негіздері басшылыққа ала отырып құрылды.

             Бағдарламаның мақсаты - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын шеңберінде Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында балалар мен жастарды тәрбиелеу.

          Міндеттері:

  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының шеңберінде балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мазмұнын жаңартудың әлеуметтік маңызын өзектендіру: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық даму, сананың ашықтығы аясында;
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі индикаторлары шеңберінде білім беру мен тәрбиелеуді дамытудың әлемдік үрдістерін (жаһандану, интернационалдандыру, кіріктіру, ізгілендіру, компьютерлендіру, сандық жүйеге көшу, смарт және стем білім беру), тәрбие беру саласындағы педагогикалық ғылымның жаңашыл жетістіктерін, тәрбие берудің шетелдік және отандық қазіргі кездегі тұжырымдамаларының негізгі ережелерін, Қазақстан Республикасының орта білім берудің жаңартылған мазмұнын, тәрбиенің әдіснамалық негіздері мен қағидаттарын, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Назарбаев университетінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін есепке ала отырып тәрбиенің жаңартылған мазмұнының мақсаты мен міндеттерін анықтау;
  • білім беру ұйымдарында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін тиімді енгізудің шарттарын ашып көрсету;

заманауи басым жалпыадамзаттық, ұлттық және этномәдени

құндылықтар негізінде тұтас тәрбие процесінде білім алушылар

тұлғасының және олардың отбасыларының, мектептің, мемлекеттің,

балалардың азаматтық қоғамы, қоғамдық ұйымдарының бірлескен іс-

әрекеттерін қамтамасыз ету;

  • балалар мен жастарды тәрбиелеу мазмұнында заман?
Новости