28 қазан күні «Қамқоршылар күні» мерекесі ресми түрде аталып өтті. Мектебімізде қамқорлықта 4 оқушы бар. «Қамқоршылар күніне» байланысты кездесу ұйымдастырылды. Онда мектеп директоры Г.А.Тусупова қамқоршыларды мерекелермен құттықтап, тілек білдіріп, әр қайсысына мектеп әкімшілігі атынан алғысын жеткізді.
Әлеуметтік педагог Есембекова А.С. және Жүнісбек Т.У қамқоршыларды қамқорлығына алған балаларға жылу сыйлап, үлкенге құрмет, кішіге ізет танытуды үйретіп, тәрбиелеп жатқандықтары үшін алғыс білдіріп, мерекемен құттықтады. Мерекелік іс-шара соңында қамқоршылар өздерінің жылы лебіздерін білдіре отырып, мектеп әкімшілігіне алғыстарын айтып өтті.