17 ақпан күні «Жасөспірім мен зиянды заттар зардабын насихаттау» тақырыбында 10-11 сынып оқушылары арасында жиналыс өтті. Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау;
Жиналыс барысында мектеп инспекторы А.Бекишева оқушыларға зиянды заттардың зардабы жайлы, баптарымен таныстырып, айтты. Мектеп медбикесі Л.Сейпышова зиянды заттардығ денсаулыққа кері әсер тигізетінін айтып, кітапша таратты. Оқушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сұрақтарына жауап алды.