15 наурыз - жалпыреспубликалық Қайырымдылық күні. Бұл күн қайырымдылыққа, мейірім мен татулыққа арналады. Мектебімізде жоспарға сәйкес “Жүрек жылуы” қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акция мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға қолдау,көмек көрсету. Акция аясында көмекке мұқтаж 2 отбасыға азық-түлік, шаруашылық тауарлармен, 1 оқушыға оқу- құралдарымен, 1 оқушыға қаржылай көмек көрсетілді. Мектеп ұжымына мектеп әкімшілігі мен ата-аналардың берер алғысы мен батасы ұшан теңіз
"Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясы