4 қазан Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейінде Мұғалімдер күніне орай «Дублер күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Мектептегі өзін-өзі ұйымдастыру жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны 10-11 сынып оқушылары өткізіп, аталған жұмыстарды жоғары деңгейде атқарып шықты. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі ролінде ойнаған балалар ұстаздардың жұмысының қаншалықты ауыр әрі маңызды екенін түсініп, аталған жұмыстың жауапкершілігін сезінді.
"Өзін-өзі басқару күні"