2024 жылдың 28 қазанында Қарағанды қаласының облыстық ресурстық орталық №27 мектептің жоспарына сәйкес ресурстық орталық үйлестірушісі Аймуханова А.Б., сондай-ақ арнайы педагог Асташина Е.А. “Инклюзивті білім беруді қажет ететін оқушыларды оқыту-тәрбиелеу үрдісінің ерекшеліктері” тақырыбында Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейінде семинар өткізді. Семинарға аудандық ресурстық орталыққа бекітілген магниттік мектептердің инклюзивті білім беруді іске асырып отырған білім беру ұйымдарының директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагогтері мен мамандары қатысты. Семинарымыздың басында ауданымыздың әдіскері Мусиркепова Айжан Карибаевна және мектебіміздің ресурстық орталығының үйлестірушісі Бекишева Балдырган Бексеитовна магниттік мектептерден келген әріптестеріне ізгі тілектерін жолдап, семинарды ашып берді.
Семинар барысында облыстық ресурстық орталық үйлестірушісі Аймуханова А.Б. “Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу” және “Мектептегі педагог-ассистенттердің жұмыс барысы” тақырыптарында мазмұнды ақпараттармен бөлісті. Ал арнайы педагог Асташина Е.А. “Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасын құру” бойынша құнды тәжірибесімен бөлісіп, әдістемелік кеңестер берді. Әріптестеріміз өз тарапынан қойған сұрақтарының жауабын алып, өз ризашылықтарын білдірді.
“Инклюзивті білім беруді қажет ететін оқушыларды оқыту-тәрбиелеу үрдісінің ерекшеліктері”