Ю.А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінде 2025 жылдың 1 тамызынан бастап, жалпыреспубликалық "Мектепке жол" акциясы аясында мектебіміздің Қамқоршылық кеңесі отырысы өтті. Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету.
Отырыс нәтижесі бойынша әлеуметтік санаттағы 33 отбасынан шыққан 76 оқушыға мектеп формасын сатып алу үшін жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген қаржылай көмек көрсету ұсынылды.