back-image
КГУ "Школа-лицей имени Ю.А.Гагарина" отдела образования Шетского района управления образования Карагандинской области

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Школа-лицей имени Ю.А.Гагарина" отдела образования Шетского района управления образования Карагандинской области
Тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету
02-09-2025 15:24
Тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету

Оқу жылының басынан бастап бастауыш сыныптарына толықтай және 5-11 сынып оқушылары арасынан әлеуметтік осал топтан шыққан оқушылар үшін барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін  бастауыш сынып оқушыларының жалпы саны – 433, әлеуметтік осал топтан шыққан оқушылар саны – 47. Оқушылар бірінші ауысымда 4 лекте, екінші ауысымда 4 лекте тамақтанады. Асханаға кіре берісте  «Аппараттық бағдарламалық комплексі» (АПК) орнатылған, оқушылардың бет-бейнелері арқылы тамақтанған оқушылар саны анықталады.

Ұйымдастыруға байланысты бұйрық бойынша «Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамы» бекітіліп, кеңес жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес, ай сайын отырыс ұйымдастырылып, өнімдерді жеткізу кестесі, оларды сақтау және пайдалану мерзімдері, мәзірдің санитарлық нормаларға сәйкес жасалуы, жалпы асхананың жұмыс барысы бақыланады.

Медбике тарапынан күнделікті асханада тағамдарды дұрыс дайындау, мерзімін сақтау қадағаланады.  

Новости