Шет ауданы білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша жадынама
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабына сәйкес және Қарағанды облысының білім басқармасының бұйрығы негізінде бірлескен жұмыс тобымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жұмыстары жүргізілуде.
1.Бухгалтерлік есепті автоматтандыру (1С бағдарламасы)
2.Бұлтты бухгалтерияны енгізу;
3.Қызметкерлерге жалақы есептеу және төлеу туралы ай сайын есеп айырысу парақтарын беру;
4.Мемлекеттік сатып алуды «мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының талаптарын сақтай отырып, электрондық портал арқылы қатаң жүзеге асыру;
5.Шарт бұзылған жағдайда ҚР заңнамасына сәйкес «жосықсыз өнім беруші» деп тану туралы талап арыздарды сот инстанцияларына уақытылы беру;
5.Істер номенклатурасы,жеке істер, еңбек кітапшалары, қызметкерлердің еңбек шарттары, лауазымдық міндеттері, іс қағаздарын жүргізі (бланкілер, бұйрықтар, бұйрықтарды, еңбек шарттарын тіркеу журналдары, еңбек кітапшаларының қозғалысы, азаматтарды қабылдау);
6.Шығыс, кіріс хат-хабарлар журналдарын нөмірлеу, тігу және мөрмен бекіту;
7.Білім беру ұйымдарында қоса атқаратын қызметкерлердің жеке ісінде негізгі жұмыс орны бойынша жұмыс кестесінің болуы;
8.Қызметкерлердің жеке істерінде сотталмағандығы туралы анықтама, нарколог және психиатр анықтамаларын жаңартып отыру;
9.Құжаттаманы, оның ішінде кадрлық жұмысты ұйымдастыру бойынша құжаттаманы әзірленген істер номенклатурасына және регламенттеуші нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес сәйкестендіру;
10.Еңбек кітапшаларының есебін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.11.2015 жылғы №929 «еңбек кітапшаларының нысанын,оларды жүргізу және сақтау қағидаларын бекіті туралы» бұйрығына сәйкес жүргізу;
11.Мекеме мен қызметкерлер арасындағы еңбек шарттары ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жүргізу;
12.ҚР-ның 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 28-бабы,2-тармағының,1-тармақшасына және ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы,1-тармағының,11-тармақшасына сәйкес, бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына жіберу;
13.Азаматтық қызметшілерді аттестаттауды ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығының талаптарына сәйкес ұйымдастыру;
14.Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мектеп директорының визасының қойылуы;
15.Қамқоршылық кеңестің құрамын білім беру ұйымының бұйрығымен бекіту;
16.Қамқоршылық кеңестің отырысында қаралған барлық мәселелер тиісті хаттамамен рәсімделеді, оған отырысқа қатысқан Қамқоршылық кеңестің барлық мүшелері қол қоюға тиіс;
17.Қағидалардың 28-тармағына сәйкес қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:
-білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдау;
-білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жетілдіру:
-спортты дамыту,дарынды балаларды қолдау;
-мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарынан тыс білім беру процесін ұйымдастыруға арналған шығыстарды жүзеге асыру;
18.Қамқоршылық кеңес отырыстарын тұрақты өткізіп отыру;
19.Қайырымдылық көмек шеңберінде келіп түскен барлық материалдық құндылықтарды, заттарды, жабдықтардыжәне т.б. заттарды қатаң есепке алу және кіріске алу, оларға түгендеу карточкаларын жүргізу;
20.ҚР Қорғаныс министрінің 24.01.2017 жылғы №28 «әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 27-қосымшасына сәйкес Т-2 нысаны бойынша әскери міндеттілердің есебін жүргізу;
21.Білім беру ұйымдарының Жарғысына мектеп формасына түрлі конфессиялардың діни киімдерінің элементтерін енгізуге жол бермеу туралы тармақтарын енгізу;