Консультативтік пункт
Құрметті ата -аналар!
"Батық ЖББМ"КММ жанындағы "Бақнұр"шағын орталығында ата-аналарға арналған"Консультациялық пункт" ашылғаны туралы хабарлаймыз.
Пункт қызметінің мақсаттары мен міндеттері
Ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған консультациялық пункттің жұмысы білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын іске асыруға, мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.
Негізгі міндеттері :
мектеп жасына дейінгі баланың жан-жақты дамуы мәселелері бойынша ата- аналарға (заңды өкілдерге) әдістемелік көмек көрсету, мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіруге ықпал ету ;
ата-аналарға (заңды өкілдерге) бір жастан бастап бірінші сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды тәрбиелеу, оқыту мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;
ата-аналарға (заңды өкілдерге) диагностикалық көмек көрсету, мектеп жасына балалардың дамуындағы мәселелерді анықтау және диагностикалау;
мектеп жасына дейінгі балалардың дене бітімі, психологиялық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқулардың алдын алу;
мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған ата-аналарға (заңды өкілдерге) ақпараттық қолдау көрсету;