Жарық жалпы білім беру мектебінде барлық білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруге арналған іс-шара жоспарына сәйкес наурыз айының
13 күні «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында 10 сынып оқушыларымен тренинг өтті. Мақсаты: Оқушы жеке тұлғасының бәсекелестік қабілетін,өзінің қалауына сай белгілі бір еңбек әрекетіне дайындық білімділігін қалыптастыру. Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру.
Тренинг барысында оқушылар 4 топқа бөлінді.Тренинг ең алдымен «Кім көбірек мамандық жазады» тақырыбында жаттығуымен басталды.Тренинг соңы оқушылардық геометриялық фигуралар таңдауы арқылы кімге қандай мамандық сәйкес келетінін анықтадық және естелікке өз таңдаған мамандықтарын А3 қағазына сыныппен жазып қалдырды.Оқушылар өте белсене қатысты.