Жас мамандармен атқарылатын жұмыс жоспары
Мақсаты:
- педагогикалық шеберлікті арттыру және теориялық білімдерін жетілдіру сұрақтары бойынша мұғалімге практикалық көмек беру;
- жас мамандарды ұжымдық ортаға бейімдеу;
- әдістемелік көмек көрсету және жеке шығармашылық қызметін қалыптастыру;
- өзара-сабаққа қатысу арқылы сабақ беру әдісін жетілдіру.
Міндеттері:
- жас мұғалімдердің өзін-өзі үзбей жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру;
- оқушыларды білім беру мен тәрбиелеуде жаңа түр мен әдістерді қолдануын қалыптастыру;
- нормативті-құқықтық құжаттармен таныстыру;
- жаңа оқу жылында жас мамандардың бастапқы қажеттіліктерін анықтау және әдістемелік жұмыстың түрін таңдау.
Жұмыс түрі:
- теория бойынша сөз сөйлеу;
- психологпен, тәжірибелі ұстаздармен, оқу ісінің орынбасарымен кездесу;
- ашық сабақтар (шеберлік-класс), психологиялық тренингтер;
- іскерлік ойындар;
- семинарлар, практикумдар;
- сауалнама жүргізу, микрозерттеулер