back-image
КГУ "Общеобразовательная школа Сакена"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа Сакена"
1-сыныпқа қабылдау
28-03-2024 11:25
1-сыныпқа қабылдау
Құрметті ата-аналар!
2024-2025 оқу жылына Cәкен ЖББ мектебінде 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында өтеді.
1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі.
 
Қандай құжаттар қажет?
• ата-аналардан немесе оларды ауыстыратын тұлғадан өтініш (электронды түрде қалыптасады)
• Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
• Баланың денсаулық паспорты (052/у-2нысаны)
• Егу паспорты (065/у нысаны)
• Баланың суреті (3*4 өлшемді)
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау баланың ата-анасының немесе басқа да заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық кеңестің (ПМПК) қорытындысын есепке алумен жүзеге асырылады
Сәкен ЖББ мектебінде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейінгі жұмыс режимімен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
Ескерту: электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беру үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу қажет немесе ата-анасының ЭЦП (заңды өкілінің) болуы тиіс.
Новости