Қарағанды-Сұрыптау станциясының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері өздерінің қызмет көрсету аумағында теміржол ұйымдарының өкілдерімен бірге отырып,2023 жылғы 20-24 ақпан күндері " Көліктегі қауіпсіздік" акциясын өткізуді бастады. Дәл осындай іс-шара Киік станциясында болып өтті. Аталған іс-шара бойынша "С.Мұқамеджанов ЖББМ" КММ-сінде мектеп оқушыларымен Мойынты станциясындағы желілік полиция бөлімшесі (ЖПб) қызметкерлері полиция старшинасы Алиев Асқар және полиция аға сержанты Серік Нияз жолда жүру(темір жол) ережесі бойынша және түрлі адам өмірінің қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өткізді.
Қарағанды-Сұрыптау станциясының желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен "Көліктегі қауіпсіздік" акциясы өткізілді.